Алматыда қызы мен анасын көлік қағып кетті: 9 жастағы мектеп оқушысы оқиға орнында мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қызы мен анасын көлік қағып кетті: 9 жастағы мектеп оқушысы оқиға орнында мерт болды

Алматыда қызы мен анасын көлік қағып кетті: 9 жастағы мектеп оқушысы оқиға орнында мерт болды

Алматыда жантүршігерлік көлік апаты болды. Жол апатынан тоғыз жасар мектеп оқушысы көз жұмды, ал зардап шеккен анасы ауруханада жатыр.

  • 10 Сәуiр 2022
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз оқиға орнында жан тәсілім еткен. Әйел дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға күндізгі уақытта қаланың тұрғын ауданында болған. Кроссовер жүргізушісі жолдан супермаркетке қарай бұрылып келе жатқан. Осы кезде оған қарай келе жатқан көлік қатты жылдамдықпен басқа көлікке соғылады. Соққыдан седан айналып кетіп, анасы мен қызы кетіп бара жатқан тротуарға шығып кеткен. Қызымен келе жатқан әйел шетке ұшып кеткен. Көлік жолға қайта шығып, қарсы жолақта автобуспен соқтығысқан. Бұл көліктердің жолаушылары мен жүргізушілері зардап шекпеген.

Келген жедел жәрдем қызметкерлері тоғыз жасар қызды аман алып қала алмаған.


Соңғы жаңалықтар