Алматыда ревматологтардың V конгресі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ревматологтардың V конгресі өтті

Алматыда ревматологтардың V конгресі өтті

Екі күндік ғылыми-тәжірибелік форумға студенттер, резиденттер, докторанттар, жас ғалымдар мен мамандар, дәрігерлер мен алыс-жақын шетелден жетекші ғалымдар қатысты.

  • 3 Қазан 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Қатысушылардың айтуынша, конгресс аясында ұсынылған ғылыми баяндамалар Қазақстандағы медицина ғылымының дамуына жаңа серпін берді, ал іс-шараның өзі әлемнің түрлі елінен келген жас ғалымдар мен дарынды жастардың өзара байланысы үшін ашық алаңға айналды.

Ғылыми баяндамалардың тұсаукесерінен басқа, әртүрлі елдердің жетекші мамандарының дәрістері мен тренингтері өтті, онда ревматикалық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселесі қарастырылды, бұл жас ғылыми қызметкерлер үшін де, оқытушылар үшін де, дәрігерлер үшін де маңызды.

Жиында Александр Лила (Ресей), Вольфганг Папиш (Германия), Дебашиш Данда (Үндістан), Реза Шиари (Иран), Марко Матучи Сериник (Италия), Абдимуталиб Мамасаидов (Қырғызстан), Инна Гайдукова (Ресей), Елена Руденко (Беларусь), Владислав Баитов (Ресей), Нино Цицкаришвили (Грузия) сынды бірқатар жетекші ғалымдар сөз сөйледі. 

Іс-шараның мақсаты ғылыми және клиникалық тәжірибе алмасу үшін бірыңғай коммуникациялық алаң құру, бірлескен жобаларды қалыптастыру және ынтымақтастықты нығайту.

Жас дәрігерлер мен ғылыми қызметкерлерді даярлау жоғары мамандандырылған ревматологиялық көмек көрсету сапасын арттыруға және заманауи жабдықталған зертханалар базасында жоғары дәлдікпен диагностикалау және клиникалық диагноздарды растау үшін негізгі иммундық және генетикалық көрсеткіштерге талдау жүргізуге мүмкіндік береді.


Айта кетейік, форумның басты тақырыбының бірі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының интеллектуалды және дарынды жастарды жан-жақты қолдау жөніндегі міндетіне сәйкес, жас медицина ғалымдарының отандық ғылыми қоғамын қалыптастыру және дамыту.

Конгресті Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Қазақ ревматология алқасы» РҚБ (QCR) Азия-Тынық мұхиты ревматологтар қауымдастығының Лигасымен (APLAR) және San Donato Hospital Group серіктестігімен ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар