Жарияланды: 140

Алматыда сабаннан жасалған алып Тиіннің құны 23 миллион теңгені құрады

Алматыда сабаннан жасалған алып Тиіннің құны 23 миллион теңгені құрады

Мүсін авторларының айтуынша, сабан қоршаған ортаға байланысты өзгереді.

Алматыдағы алып "Тиін" арт-нысанын жасап шығарғандар оның құны туралы айтты. Дүйсенбі күні 12 метрлік мүсіннің тұсаукесері өткен – ол "Атакент" іскерлік ынтымақтастық орталығы алдындағы алаңға орнатылды. 

"Тиіннің құны 23 миллион теңге (66,5 мың доллардан астам) — 15 миллионы мемлекет тарапынан жұмсалды, қалған 8 миллион — Funk", — деді  Funk креативті агенттігінің басшысы Майра Измаилова. Оның айтуынша, шығынды агенттік пен қала бюджеті бөліп төлеген.

Барлығы 16 арт-нысанның бағасы 78 миллион теңге болып шықты.

"Осындай жағымды нәтиже бері жатқанына қуанамыз. Дайын үлгілерді ала салмай, жергілікті дизайнерлер арасында конкурс өткізгеніміз жақсы болды", — деді мәдениет басқармасы басшының орынбасары Нәйла Мүлікова.

Тиінді жасап шығарушылардың бірі Мариус Янсен Ван Вуурен арт-нысанға қанша сабан мен металл кеткенін айтып берді.

"Мүсіннің жалпы биіктігі 12 метрдей. Жасап шығару үшін 7 тонна металл, 3,5-4 тонна ағаш жұмсадық. Сонша мөлшерде сабан кетті. Барлық бөлшектерін қос есептегенде шамамен салмағы 12-13 тонна", — деді ол.

Тиіннің мүсінін жасауға тоғыз ай кеткен көрінеді.

"Жағдайы не болатынын көреміз. Барлық жануар сияқты ол да өзгереді", — дейді британдық суретші, арт-нысанның авторы Алекс Ринслер. 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть