Алматыда Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі болып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі болып жатыр

Алматыда Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі болып жатыр

Алматы халқы танымал қазақстандық компазитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті ақтық сапарға шығарып салуда. Қоштасу рәсімі “Қазақконцерт” залында өтіп жатыр.

  • 29 Шiлде 2016
  • 1698
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Шәкеевтер отбасына белгілі әртістер, музыканттар және қоғам қайраткерлері көңіл айтуда. Ал таң азаннан бері қоштасу рәсімін ұйымдастыру жұмыстарын оны іздеуге атсалысқан барша еріктілер мен достары атқаруда.

Кіреберісте Сафардың суреті мен #берегитедругдруга хештегі жазылған. Сондай-ақ, еріктілер “We love Safar” деген жазуы бар ақ жейделер киген.

20160729094734

“Сафар өте мейірімді, керемет дос еді. Ол өте ақылды әрі талантты. Ол 7 жыл АҚШ-та оқып, ағылшын тілін таза меңгеріп, керемет дүниелер түсірді. Ол тәрбиені жақсы сіңірген ұяң жігіт болатын. Біз соңғы уақытқа дейін оны табамыз деп үміттендік. Мұндай қайғыға сену қиын”, – дейді Сафардың досы.


20160729094739

Олардың айтуынша, кеше Шәкеевтер отбасы еске алу асын берген. Барлық ерікті-қыздар оның туыстарына көмектесіпті. Достарының сөзінше, кеше компазитордың отбасына қала әкімі Бауыржан Байбек қаралы қазаға көңіл айтқан.

20160729094750

Еске сала кетсек, Сафар Шәкеевтің денесі кеше, 28 шілде күні Есентай өзенінен табылған еді. Оны қалтасынан шыққан құжаттары арқылы таныған.

20160729094804

Соңғы жаңалықтар