Алматыда «Сайран» ТК нысандарының құрылысын аяқтауға Т19,3 млрд қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Сайран» ТК нысандарының құрылысын аяқтауға Т19,3 млрд қажет

Алматыда «Сайран» ТК нысандарының құрылысын аяқтауға Т19,3 млрд қажет

Алматыда «Сайран» ТК нысандарының құрылысын аяқтауға Т19,3 млрд қажет, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

  • 23 Маусым 2011
  • 400
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен «Сайран» тұрғын үй кешенінің (ТК) құрылысына қатысты көшпелі кеңес өтті.

2008 жылы қаржы дағдарысына байланысты «KUAT» корпорациясы» жүргізіп жатқан бірқатар тұрғын кешендерінің құрылысы тоқтап қалған болатын. 2009 жылдың мамыр айында Алматы қаласының әкімдігі, «Самрұқ- Қазына»ұлттық әл ауқат қоры» АҚ, «Казкоммерцбанк»АҚ, «KUAT» корпорациясы» АҚ өз күштерін біріктіре отырып, «Сайран» тұрғын кешенінің мәселесіне қатысты бір шешімге келген болатын.

«Төрт жақты меморандумға қол қойылып, нәтижесінде «Global Building Contract» ЖШС пайда болды. Осы компания «Сайран» мегаауданындағы «2-квартал», «20-квартал», «29-квартал», «42-квартал» атты құрылыс кешендерін салушы әрі ұйымдастырушы болып табылады.

«Қазіргі кезде осы төрт нысанда 899 үлескер бар. «Сайран» мегаауданындағы «2-квартал», «20-квартал», «42-квартал» құрылыстарын одан әрі жүргізу үшін 19,3 млрд. теңге қажет», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Қала әкімі биыл Алматы үлескерлері мәселесін толық шешуге мүмкіндік бар екендігін айтты. Бірақ, ол үшін Үкімет тарапынан тиісті қаржы уақтылы бөлінуі тиіс.

«Барлық жұмыстар белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр. Ең бастысы – құрылыстың дер кезінде қаржылануы. Біз үлескерлер мәселесін шешуге тиіспіз. Бұл міндетті ҚР президенті Алматыда болған кеңесте алдымызға қойған болатын», — деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Шығыс айналма жолының құрылыс барысымен танысты. Қазіргі кезде құрылыс жүретін жердегі тұрғын үйлер бұзылуда. Бірқатар учаскелерде жер полотнолары жасалып, жиектерді бекіту, көгалдандыру, жасанды қондырғылар орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шығыс айналма жолының құрылысы үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар