Оның айтуынша, қазір Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы ҚР-ның санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы ахуал туралы заңына сәйкес қайтадан құрыла бастаған. Ендігі жерде Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызметкер деген мәртебеге ие болады.
«Ал басқарманың бақылау-қадағалау функциясын атқармайтын қызметкерлері Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы деген жаңа қызметке ауыстырылады»,- деп хабарлады В.Шеянов. Оның айтуынша, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер санатына қосылғаннан кейін жалақылары 30 процентке артып, мәртебесі жоғарылайтын болады.
Бүгінгі жағдаймен Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері тестілеу шарасынан өтті. Екінші кезекте олармен көзбе-көз әңгіме өткізіледі. Басқарма қызметкерлері 2003-жылдың 10-тамызынан бастап мемлекеттік қызметкер мәртебесіне толыққанды ие болады деп күтілуде.