ҚР СІМ-нен хабарлағанындай, Қазақстан елшісі мен медиафорумға дайындық жұмыстары жөніндегі Лондондық топтың жетекшісі журналистерге алдағы форумның күн тәртібі және оған қатысушылар туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
Өз кезегінде журналистер «Еуразиялық медиафорум жұмысына табыс, шығармашылық және достық сипаттағы пікірталастар, қазіргі заманғы өзекті проблемалар мен оларды шешудегі журналистер ролі туралы ашық талқылаулар өткізуді» тіледі.