Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, ІІМ ресми өкілі брифинг кезінде БҚО ІІД қызметкерлерінің кәсіпкердің үйінен 17 миллион теңге тонап кеткен ер адамның ұстағанын және Алматы қалалық ІІД полицейлерінің үйден 700 мың теңге, 3 АҚШ доллар мен алтын бұйымдарды тонап кеткен жергілікті тұрғынды ұстағанын хабарлады.
Мұнымен қоса, Алмас Сәдубаев Астанада 6 маусымда жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтып өтті.
"Қазіргі уақытта астаналық полицейлер оқушы қызды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Қыздың таныстары мен достарынан жауап алынып жатыр", — деді Сәдубаев.