Жарияланды: 730

Алматыда Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мен ТМД елдеріндегі радиобайланыс мәселесіне арналған халықаралық аймақтық семинар өтті

2004-жылдың 5-9 сәуірі аралығында Алматыда Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы мен ТМД елдеріндегі радиобайланыс мәселесіне арналған халықаралық аймақтық семинар өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Семинарды ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Агенттігі, Халықаралық электрлі байланыс Одағы (Байланыс мәселелерін реттеу жөніндегі Бүкіләлемдік ұйым, бас пәтері Швейцарияда орналасқан) және Байланыс саласындағы аймақтық қоғамдастық (ТМД елдерінің байланыс әкімшіліктерін біріктірген аймақтық ұйым) тәрізді ұйымдар бірлесе отырып ұйымдастырды. Семинарға Ресей, Беларусь, Украина, Молдова, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Литва, Латвия, Болгария және Македония елдерінің өкілдері мен "Қазақтелеком", "Хабар", "Қазтелерадио", "Жарық", "TNS-plus", "Astel", "Нұрсат" сынды қазақстандық байланыс және хабар таратушы операторлары қатысты. Халықаралық электробайланыс Одағы мен радиобайланыс бюросының зерттеу комиссиялары департаментінің жетекшісі Александр Васильевтің айтуынша, "қандайбір елде радиобайланыс саласын дамытуға деген қызығушылықтың артуы ұлттық экономиканың даму деңгейінің көтерілуімен тікелей байланысты". Семинарға арқау болған көптеген мәселелер телекоммуникация саласындағы мамандар деңгейі жоғары, спутниктік байланыс саласын дамытуға айрықша қызығушылық танытып отырған қазіргі Қазақстан үшін өте маңызды. Кездесуге қатысушылар фиксациялы және радиохабарларын тарату жөніндегі спутниктік қызметтердің алдағы жоспары, спутниктік желілердің үйлесімділігіне талдау жасау әдістері мен өлшемдері, талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыздық мәселелерін талқылады. Бұдан бұрын дахабарлағанымыздай, 2004 жыл басында Қазақстан Ресейдің М.В.Хруничев атындағы ғылыми-өндірістік орталығымен шартқа отырып, жеке байланыс жер серігін жасатуға ниет білдірген. Жер серігі таяу уақыттарда ұшырылады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін