Алматыда сотталғандар қар тазалайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сотталғандар қар тазалайтын болады

Алматыда сотталғандар қар тазалайтын болады

Биылғы қыс еліміздің біраз өңірі үшін қатты болды. Алматы қаласында да қалың қар жауып, сарышұнақ аяз басталды. Оңтүстіктің жанға жайлы ауа райына үйренген қала тұрғындары үшін қатал қыс айтарлықтай қиындық тудырып жатыр. Сонымен қатар қалың қар жол қозғалысына да кедергі келтірді.

  • 13 Қаңтар 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Енді қала әкімдігінің коммуналдық қызмет мамандарымен бірге қар тазалауға сотталғандар да шығатын болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Алматы қаласының көшелерін қардан тазалауға коммуналдық қызметкерлермен бірге сотталғандар да бір кісідей жұмылып жатыр. Алматы қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің бақылауындағы 10 сотталған және Наурызбай ауданынан 8 сотталған өздеріне бекітілген жұмыс учаскелерін тазалауға кірісті», — деп хабарлайды Алматы қаласы ҚАЖД баспасөз  қызметі.

Қала әкімдігінің коммуналдық қызмет мамандарымен бірге қар тазалауға шыққандар — ҚР қылмыстық кодексінің 44-бабы бойынша сотталғандар. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады. Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқып жүрген сотталғандар, кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар сотталғандар, сондай-ақ зейнет жасындағы сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.

Қала көшелерін қардан тазалау барысында пробация қызметкерлері сотталғандарға бас бостандығын шектеу жазасын заңға сәйкес өтеудің жеңілдіктері мен жаза өтеу тәртібін бұзудың зардаптарын да кеңінен түсіндіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар