Тексеру барысында 621,3 мың теңгенің 5,7 мың литр этил спирті табылып тәркіленді. Аталмыш дерек бойынша кәсіпорын қожайыны тұтқындалып, оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «заңсыз кәсіпкерлік» жөніндегі 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қалалық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларының нәтижесінде спиртті өнімдерді сатумен айналысып келген жасырын кәсіпорынды әшкереледі. Бұл туралы Алматы қалалық Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.