Алматыда студенттерді жатақханадан қуған декан орынбасары бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда студенттерді жатақханадан қуған декан орынбасары бәлеге қалды

Алматыда студенттерді жатақханадан қуған декан орынбасары бәлеге қалды

Ойдан шығарылған өкім өкінішке алып келді. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде декан орынбасары студенттерді тәртіпке саламын деп, өзі тәртіптік кеңеске тартылып отыр. География факультеті басшысының оң қолы қоғамдық іс-шараға қатыспаған шәкірттерді жатақханадан шығару жайлы өкім шығарған. Енді өзі ақталып әлек.

  • 5 Қараша 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Кешелі бері ғаламторда қызу талқыға түскен өкім осы. Декан орынбасары 3 студентті жатақханадан қууды осылай қағаз жүзінде бұйырған. Шәкірттер бір ай бұрын өткен «Тур Алматы — 2015» веложарысына қатыспағаны үшін қара тізімге ілініпті. 

Көпжасар Қайратбекұлы, студент

Велопробегке біз өз еркімізбен шығамыз деп қол қойдық. Бірақ айтып отырған үш студент белгілі бір жағдайларға байланысты, отбасылық жағдайларға байланысты өз үйімізге қайтып кеттік.

Ал География және табиғатты пайдалану факультеті деканының орынбасары айтқанына көнбеген шәкірттерін қорқыту үшін бұрық жаздым деп ақталыпты. Дегенмен Айдар Жұмалиповтың өзі ақыры ескерту алып тынған.

Меңдігүл Ноғайбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры

Декан орынбасарының бұндай өкім шығаруына қызметтік құқығы да жоқ. Сондықтан қызметтік этиканы бұзғаны үшін біздің қызметкерімізге байланысты бізде тәртіптік комиссия бар мәселесі қаралды, тәртіптік шара қолданылды.

Ал деканаттың қара тізіміндегі үш студент — Ерлан Ақтымбаев, Көпжасар Қайратбекұлы және Маржан Әділбаева жатақханадан шығарылмаған екен. Оларға қатысты ешқандай шара қолданылмайды деп сендірді басшылық.


3 студентті тәрбиелемек болып, өзі жазаланған декан орынбасарының жағдайы өзге басшыларға сабақ болмақ. Себебі кез-келген жоғарғы білім беру ордасының шәкірттері мен бюджеттік сала қызметкерлерінің әкімдік тарапынан ұйымдастырылатын түрлі іс-шаралар мен жиындарға мәжбүрлі түрде жіберілетіндігі ешкім айтпаса да белгілі. Бірден оқудан қуылып, жұмыстан қысқартылмаса да басшылардың қара тізіміне ілініп қалатыны бұрыннан мәлім жағдай.