Алматыда су бұрғылаушылар наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда су бұрғылаушылар  наразылық білдірді

Алматыда су бұрғылаушылар наразылық білдірді

Ал Алматыда су бұрғылаушылар 4 айдан бері айлық көрмеген. Қаладағы ірі компанияның жұмысшылары бүгін жалақыларының берілуін талап етіп, наразылық білдірді. Айтуларынша, басшылық «күнде ертеңмен» алдап келді. Жұмысшылар да кеңсе алдын торуылдаудан әбден жалыққан.

  • 6 Мамыр 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

Дмитрий Спенко, жұмысшы:

— Жалақымызды қаңтардан бері ала алмай келеміз. 5-ші айға кетіп барады. Бала-шағамыз аш отыр. «Несие» деген өсіп жатыр. Күннен күнге қатарымыз да азайып барады.

Расымен де бүгін кеңсе алдына тек жалақысын алудан үміті үзіле қоймағандары ғана келіпті. Бастапқыда қатарлары біршама болған екен. Компания еңбеккерлерге 12 миллион теңге шамасында берешек. Десе де, қол астындағылардың ара-тұра өткізіп тұратын мұндай жиынына еті үйреніп қалса керек, «Агрополив» фирмасының директоры келгендерді бірден іште қабылдады. Сөйтіп, жағдайды өзінше түсіндіріп бергендей. Сөзіне қарағанда, мемлекеттік тапсырысты орындайтын мекеме 4 айдан бері қаржыдан қатты тарлық көріп келген. Дер кезінде тапсырысты орындап, өткізбеудің кесірінен. Бірақ бүгін мәселе шешіліпті. Енді еңбеккерлер шыдамдылық танытса, бірер күнде барлығымен де есеп айырыспақ.

Қайрат Күлембаев, «Агрополив» фирмасының директоры:

— 2015 жылдың 25 сәуірінде қол қойылған. Міне, әкімдіктен ақша аударылды. Оны 10 күн ішінде үлестіріп береміз. Соңғы айлардың төлемін түгел жасаймын. Қаңтарда бұрғылап жатқан жерімізде техникалық апат болып, тапсырыс уақытында орындалмады. Ақша содан кешікті.