Алматыда Subaru-дың кесірінен бірнеше көлік соғысты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Subaru-дың кесірінен бірнеше көлік соғысты

Алматыда Subaru-дың кесірінен бірнеше көлік соғысты

Алматыда ірі жол апатынан бір адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесі қиылысында болған.

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 311
Фото - Caravan.kz

Қызыл жанып тұрған бағдаршамға Mitsubishi Montero тоқтап, одан кейін Lada Priora көлігі де тоқтап тұрады. Сосын Subaru Outback көлігі бар жылдамдықпен келіп, Priora көлігіне соғылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қатты соққыдан Lada Priora алдында тұрған Mitsubishi Montero көлігін қағады. Жол апатынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Сөйтсе, Subaru жүргізушісі қатты мас екен әрі жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Сөзіне сүйенсек, оған екі адам шабуыл жасап, тапанша мен қорқытқандықтан, жол апатына ұшыраған. Ол екі жолаушы оқиға орнынан қашып кетті.


Саусақ іздерін алып, кімдікі екенін анықтау үшін оқиға орнына криминалист шақырылды. Жол апатының мән-жайын Алматы полициясы анықтайды.

Соңғы жаңалықтар