Алматыда сүт безі ісігіне шалдыққан науқастарды түрік мамандары тегін қарауда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сүт безі ісігіне шалдыққан науқастарды түрік мамандары тегін қарауда

Алматыда сүт безі ісігіне шалдыққан науқастарды түрік мамандары тегін қарауда

Алматы қалалық онкологиялық орталықта сүт безіне және жатыр мойны ісігімен ауыратын науқастарды Түркиядан келген мамандар қарауд

  • 27 Наурыз 2014
  • 1142
Фото - Caravan.kz


Бүгін орталықта Түркияның «Аджибадем» медициналық тобының мамандары -онколог-гинеколог, доцент Серкан Эрканлы мен хирург-маммолог, профессор МелихПаксой науқастарды тегін қабылдап жатыр.

Олардың айтуынша, мұндай шара өзара тәжірибе және білім алмасуға ықпал етпек. «Біздің Қазақстанға келгендегі мақсатымыз — өзге елдің онкологиялық бағыттағы тәжірибесімен, заманауи медициналық әдіс-тәсілдерімен бөлісу. Менің ойымша, бұл шара Қазақстандағы онкологиялық науқастардың санын азайтып, ауруды алдын-ала анықтауда өз нәтижесін береді», — деді Серкан Эрканлы.