Алматыда сутенердан қашып шыққан қыздың 2009 жылдан бері жезөкшелер тізімінде тұрғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сутенердан қашып шыққан қыздың 2009 жылдан бері жезөкшелер тізімінде тұрғаны анықталды

Алматыда сутенердан қашып шыққан қыздың 2009 жылдан бері жезөкшелер тізімінде тұрғаны анықталды

Алматы полициясы сексуалдық құлдықтан қашып шыққан қызға қатысты түсініктеме берді.

  • 10 Мамыр 2018
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 мамырда кешкі 18:00-дер шамасында 29 жастағы әйел Сүйінбай көшесінде ағылған көліктердің бірінің астына түсіп қалған.

«Әйел өзін біреулер заңсыз қамап, сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлегенін айтқан. Оның арызы қалалық ІІД қызметкерлерімен ҚР ҚК 308 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Күдікті тұлғалар бөлімшеге жеткізілді. Полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты тексеру жұмыстарына кірісті. Бұл азаматша 2009 жылдан бері қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында есепте тұр. Мұның алдында да бұл азаматша жыныстық қызмет көрсеткені үшін бірнеше рет бөлімшеге жеткізілген болатын», — деді қалалық полицияның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерді біраз дүрліктірген болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел адам көліктің астына түскен соң жарақатына қарамастан базарға қашып кірген. Әйелдің артынан бірнеше адам қуып келген. Қорыққан әйел базар сатушылары мен сатып алушыларынан жалынып көмек сұрай бастайды. Сол сәтте жиналған қалың көпшілік әйелді қуғыншылардан қорғап қалған.

Оқи отырыңыз:

Мұнай бағасы күрт қымбаттады

Қыздар университеті Англияның беделді оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты

Дәурен Айдарқұлов: Ақботаға әлі күнге дейін қосылайық деп жүрмін, бірақ оған мансап маңыздырақ

 

 

 

Соңғы жаңалықтар