Жарияланды: 780

Алматыда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардабын жою жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің отырысы басталды

Бүгін, 15-шілдеде Алматыда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің 17-отырысы басталды.

Оған 11 ТМД республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерінің басшылары қатысуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Отырыстың ашылуында ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төрағасы Заманбек Нұрқаділовтың айтуынша, бұл жолы 2010-жылға дейін есептелген ТМД күштері Корпусын дамыту жөніндегі Мемлекетаралық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар талқыланып қол қойылады. Сондай-ақ, отырыста сейсмологиялық төтенше жағдайларды болжау және мониторинг саласында ТМД елдерінің өзара ықпалдастық концепциясының жобасы талқыланып, Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекетаралық кеңес жөніндегі тәртіпке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы сарапқа салынады. Сондай-ақ, мемлекетаралық Кеңестің отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара төтенше жағдайлар жөніндегі хабарлама беру жүйесін тексеруден өткізу жұмыстарының 2004-жылғы жоспар-кестесін талқылау, ТМД төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелерінің бірлескен шаралар аясында радиобайланыстарды жүзеге асыруы мақсатында өзара жиілік беру мәселелері талқыланады. Ертең кездесуге қатысушы Мемлекетаралық кеңес мүшелері ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің жұмыс тәжірибесімен танысып, Республикалық дағдарыс орталығы мен Агенттіктің Шамалғандағы сел полигонын аралап, құтқарушылардың "Хан тәңірі-2003" халықаралық бірінші слетының ашылуына қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть