Жарияланды: 20

Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Алматыда жыл соңына дейін 362 «Сергек» камерасы орнатылады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бізде қалада 414 «Сергек» камерасы бар. Биыл жыл соңына дейін тағы 362 пост орнатуды көздеп жатырмыз. «Сергек» камералары ең алдымен автобус жолақтары бар Райымбек батыр, Төлеби, Абай көшелерінде пайда болады. Бұл жолақтарда жол ережесі жиі бұзылады», - деді департамент басшысы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол қалада жыл соңына дейін талдау жасай алатын камералар орнатылатынын айтты. Олар адам көп жиналған жерлерде құқықбұзушылықтарды бақылауға көмектеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін