Алматыда тағы да алапат өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы да алапат өрт болды

Алматыда тағы да алапат өрт болды

Алматыда үш жеке үй өртеніп кетті. Оқиға Байбесік ықшамауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, бір үйде тұтанған қызыл жалын маңайындағы баспаналарға қарай көшіп кетіпті.

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 1781
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшілері хабарлады.

Аталған ықшамауданда тұратын белгілі журналист Ардабек Солдатбай да Фейсбуктегі парақшасында осы оқыс оқиға туралы жазыпты. "Әлгінде ғана көрші үйлерде өрт болды. Үш үй өртенді. Біреуі он екі пәтерлі барак еді. Өрт сол жақтан басталыпты. Тез келген өрт сөндірушілер 10-15 минутта отты өшірді. Аядай көше көлікке толып кетті. 10-нан астам өрт сөндіру машинасы келіпті. Оттың лебі бізге жетіп, шатырымыз буланып жатты" дейді ол.

Фото Ардабека Солдатбая.

Алдын-ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Ал қызыл жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Ал оттың тұтануына газ баллонының жарылуы себеп болған.


Posted by Ардабек Солдатбай on Wednesday, December 14, 2016

Соңғы жаңалықтар