Алматыда тағы да сел жүрді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тағы да сел жүрді

Алматыда тағы да сел жүрді

Алматының Наурызбай ауданындағы Ақсай шатқалында нөсерден Қызылжар өзенінде 800 текше метр лай көшкіні жүрді. 

  • 14 Мамыр 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша, лай көшкіні балалар лагеріне апаратын жолды жауып, асфальтпен төмен қарай ағып барады. Көшкіннен ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің жұмысшылары мен техникалары көшкін салдарын жою жұмысын істеп жатыр.

Сонымен қатар Алматы облысының Талғар ауданында да жауын-шашынның мол түсуінен Түйе тауының бөктерінен көлемі 60 текше метр лай көшкен. Көшкін Талғардан "Спутник" жазғы лагеріне баратын жолды жартылай жауып қалған. Лай көшкіні болған аймақта кезекшілік қойылған.

Оқи отырыңыз:

Досымжан Таңатаров тоқал алған азаматтар қатарына қосыла алмай жүргенін айтып күйінді

Шығыс Қазақстанда қар жауды

Дәретханаға шығып, жоғалып кеткен атыраулық қыз Қызылордадан табылды
 

 

 

Соңғы жаңалықтар