Жарияланды: 560

Алматыда Тайланд іскерлік өкілдердің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі

Алматыда 22-қыркүйекте Тайланд елінен келген кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Бұл шараны Тайланд үкіметі, ҚР СІМ, Алматы қалалық әкімшілігі мен инвестицияларға ықпалдастық жөніндегі "Қазинвест " орталығы бірлесіп ұйымдастырмақ. Бұл туралы ҚР индустрия және сауда министрлігінің "Қазинвест" орталығынан хабарлады.

Өкілдер құрамында Тайланд орталық ислам комитетінің өкілдері, осы елдің коммерция министрлігінің экспортты дамыту бөлімінің, Ұлттық тағамтану институтының, азық-түлік өнеркәсібі Қауымдастығының, Тайланд-исламдық сауда-өнеркәсіп қауымдастығының өкілдері бар. Сапар мақсаты- Қазақстан мен Тайланд арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, еліміздегі азық-түлік нарығын зерттеу, екі ел кәсіпкерлерінің арасында тікелей қарым-қатынас орнату болмақ. Бизнес-форумға азық-түлік өнімдерін өндіру, сауда-саттық (компьютерлер, ауылшаруашылығы өнімдері және автокөліктер сату) саласында жұмыс істейтін іскерлік өкілдері , қаржылық-инвестициялық институттар мен ұлттық өнеркәсіптік және сауда ұйымдарының өкілдері қатысады. Қазақстан жағынан форумға Қазақстан азық-түлік өнімдерін өндірушілер Одағының басшылығы, ҚР кәсіпкерлері форумының , сондай-ақ, еліміздегі азық-түлік өнімдерін өндіруші компаниялардың өкілдері қатысады. Форумда әр саладағы өзара тиімді екі жақты ынтымақтастық байланыстарды нығайту мүмкіндіктері мен басым бағыттары талқыланады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть