Алматыда такси жүргізушісі қазақша амандасқан жолаушыны көліктен түсіріп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда такси жүргізушісі қазақша амандасқан жолаушыны көліктен түсіріп кеткен

Алматыда такси жүргізушісі қазақша амандасқан жолаушыны көліктен түсіріп кеткен

Журналист Ұлпан Құрайысова Алматыда болған жайтты айтып берді.

  • 29 Маусым 2022
  • 748
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның айтуынша "Яндекс такси" такси жүргізушісі оны қызымен бірге қазақша амандасқаны үшін көліктен  түсіріп кеткен.

"Мені кәмелет жасқа толмаған қызыммен бірге Яндек жүргізушісі боқтап көліктен шығарып жіберді. Қазақша амандасқаным үшін "пошла на…, су*а", "выметайся, су*а" деп қуып шықты. Ол көліктен бүкіл пакеттерімді лақтырып жіберді. Қатты таң қалдым. Яндексті пайдаланғалы 4 жылда бұл алғаш рет болып тұр. Қолдау қызметіне айтқан арызыма олар 1 500 теңге бонуспен құтылмақ болды. Бірақ қорлау осында бонустық ақша тұра ма? Яндек қызмет көрсетуден хабарласты, шара қолданатындарын айтты. Бірақ маған бұл шара ұнамайды. Бұл дұрыс деп ойлайсыздар ма? Мен 102 шақырдым, шовинизмнің пайда болуы туралы айттым. Бұл істі қолдарына алады деген үміттемін", — деді журналист.

Соңғы жаңалықтар