«Алматының есірткі айналымын қадағалау жөніндегі тәртіп сақшылары жастар арасына синтетикалық есірткінің жеткізілуі мен таралу арнасын анықтау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Есірткі сатушының пәтерін тінткен кезде 13,5 грамм амфетамин мен «LV» логотипі бар 25 «экстази» таблеткасы табылды.
Қазір осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды ұстауға шара қолданылуда.
«Оперативтік шара нәтижесінде көңіл көтеру орындарында тарату жоспарланған 20 грамм амфетамин мен 6 грамм «экстази» таблеткалары тәркіленді», -делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті