Алматыда тауары тәркіленген кәсіпкерлер шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тауары тәркіленген кәсіпкерлер шу шығарды

Алматыда тауары тәркіленген кәсіпкерлер шу шығарды

Алматыда Қытайдан тауар тасып, саудамен айналысып жүргендер Көлік прокуратурасынан қысым көрдік деп наразылық білдіруде. Айтуларынша, құзырлы орган жаңа жыл мерекесіне деп әкелген заттарын - контрабанда деген желеумен түгел тәркілеген.

  • 28 Қараша 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz

Сегіз көлікке жүк болған тауар қазір қоймалардың бірінде қаңтарылып тұр. Жалпы мұндай тексеруге Жетісу көлік прокуратурасына түскен «домалақ арыз» себеп болыпты. Яғни, ойыншық деген заттардың арасында заңсыз тауар деген ақпарат түскен. Сондықтан құзырлы орган өкілдері 8 Камазға тиелген тауарды түгел түсірткізіп, мұқият тексеріп жатыр. Ал оның ұзаққа созылатын түрі бар. Кәсіпкерлер соған алаңдаулы. Өйткені қойманы пайдаланған әр күн үшін қыруар қаржы төлеу қажет. Оның үстіне жаңа жыл мерекесіне деп әкелген ойыншықтарын дереу сатып үлгермесе, мейрамнан кейін ешкімге керек болмай қалатыны тағы бар.


Әмірбек Шірбаев, кәсіпкер:

-Бізде контрабанда бар дейді. Бірақ  40 күн ішінде әлі контрабанданы таба алмай жатыр. Таба алмайды да. Біз онымен айналыспадық, айналыспаймыз да.