Жарияланды: 470

Алматыда тексерулер нәтижесі бойынша мемлекеттік медициналық мекемелерге ел қазынасына 29 млн теңгені қайтару міндеттелді - телеарна

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда халыққа медициналық қызмет көрсету мекемелерін тексеру нәтижесінде "ақ халатты абзал жандардың" қазынаға тиесілі 29 миллион теңгені қайтару міндеттелді",-деп хабарлайды агенттік тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Бұл көрсеткіш былтыр 2 млн теңге болса, биыл 29 миллион теңгеге жеткен. Дәрігерлерге айыппұл жазылып, ақшаны қазынаға қайтару міндеттелді",- дейді телеарна. Алматы қалалық медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің басшысы Қадырбек Андағұлов тексеру барысында бірқатар былықтардың беті ашылғанын айтады: "мәселен, маммографияны алайық: қала емханаларындағы рентген-аппараттың саны біреу ғана. Рентгенолог-дәрігерлер күн сайын орта есеппен 15-16 клиентті ғана тексеруден өткізе алады. Қазір олардың жоғарыға берген мәліметтері мен нақты есеп-қисаптарындағы сәйкессіздіктер анықталып жатыр", - дейді комитет басшысы. Бүгінде ревизорлар тексерудің екінші кезеңіне кіріскен. Бақылау комитетінің мамандары күні бүгінге дейін 200 медициналық мекемелердің жұмысын сүзгіден өткізген. Ал жеке меншік медициналық мекемелер тексерілген жоқ. Олардың саны -900. Комитет басшысы тексеруге қатысты соңғы қорытынды екі аптадан кейін жасалатынын айтады. Жаза басқандардың аты-жөні еліміздің Бас прокуроры мен Денсаулық сақтау министрінің назарына ұсынылатын болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін