«Бұл көрсеткіш былтыр 2 млн теңге болса, биыл 29 миллион теңгеге жеткен. Дәрігерлерге айыппұл жазылып, ақшаны қазынаға қайтару міндеттелді»,- дейді телеарна.
Алматы қалалық медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің басшысы Қадырбек Андағұлов тексеру барысында бірқатар былықтардың беті ашылғанын айтады: «мәселен, маммографияны алайық: қала емханаларындағы рентген-аппараттың саны біреу ғана. Рентгенолог-дәрігерлер күн сайын орта есеппен 15-16 клиентті ғана тексеруден өткізе алады. Қазір олардың жоғарыға берген мәліметтері мен нақты есеп-қисаптарындағы сәйкессіздіктер анықталып жатыр», — дейді комитет басшысы.
Бүгінде ревизорлар тексерудің екінші кезеңіне кіріскен.
Бақылау комитетінің мамандары күні бүгінге дейін 200 медициналық мекемелердің жұмысын сүзгіден өткізген. Ал жеке меншік медициналық мекемелер тексерілген жоқ. Олардың саны -900.
Комитет басшысы тексеруге қатысты соңғы қорытынды екі аптадан кейін жасалатынын айтады. Жаза басқандардың аты-жөні еліміздің Бас прокуроры мен Денсаулық сақтау министрінің назарына ұсынылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті