Алматыда тілдерді қолдану мен дамытуға арналған бағдарламаны талқылауға арналған жиын өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тілдерді қолдану мен дамытуға арналған бағдарламаны талқылауға арналған жиын өтеді

Алматыда тілдерді қолдану мен дамытуға арналған бағдарламаны талқылауға арналған жиын өтеді

Алматыда 13 шілде күні Қазақстан Жазушылар одағында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

  • 12 Шiлде 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған жиын өтеді.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары — «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер одағы мен Ғалымдар одағы және Жазушылар одағы қоғамдық ұйымдары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынның мақсаты — «Тіл бағдарламасының» үкіметтік нұсқасындағы 2011-2020 жылдар аралығында Қазақстанда «орыс тілінің функциясын сақтау міндеті», «толерантты тілдік орта құру» сияқты т.б. қазақ тілінің дамуын тежейтін мақсаттарды көздеген баптарға қатысты туындаған қоғамдық ұйымдардың балама жобасын халыққа жеткізіп таныстыру болып табылады.

Жиынға қатысушылар басқосуда қоғамдық ұйымдардың ықпалымен өзгертіліп, Президенттің қабылдаған бағдарламасы мен алғашқы нұсқадағы үкімет бағдарламасының жобалары арасындағы кейбір түйткілдерді сараптап көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар