Жарияланды: 540

Алматыда ТМД және Балтық елдері банктерінің IY конференциясы өтеді

Алматыда қыркүйектің 16 мен 18-і күндері ТМД және Балтық елдері банктерінің IY конференциясы өтеді. Бұл туралы конференцияны ұйымдастырушы Қазақстандық Темірбанктен хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл конференцияға қатысушылар аясы әжептәуір кеңейген. ТМД, Балтық Республикалары мен алыс шетелдерден 19 елдің 300 өкілі оған қатысу жөнінде мәлімдеме жасапты. Жалпы алғанда конференцияға 130 банктер мен компаниялардың өкілі қатысады. Бас қосуда бұрынғы кеңестік Республикалардағы банк секторының дамуындағы жаңаша бағыттар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, әртүрлі банк өнімдері мен қызметтерін қолданысқа енгізу ерекшеліктері, банк тәуекелін басқару және оларды сақтандыру, интеграциялық процесстерді тереңдетудегі банктер ролі , көршілес рыноктарға шығу жолдары талқыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін