Алматыда тойына танымал әнші кіріп барған әжей шалқасынан түсе жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тойына танымал әнші кіріп барған әжей шалқасынан түсе жаздады

Алматыда тойына танымал әнші кіріп барған әжей шалқасынан түсе жаздады

КТК арнасы көрермендерге тосын сый жасауын жалғастырады! Көпшіліктің көзайымына айналған «Біздің концерт» бағдарламасы ауыл-аймақты аралап, мерейтой иелеріне ат-шапан жаппақ. Әдеттегідей мұның бәрі де күтпеген жерден жасалады. Әрі той иесінің сүйікті әншісін ертіп бару да дәстүрге айналған.

  • 11 Қараша 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Біздің концерт» бағдарламасының «Ат-шапан» айдарына хаттар легі толассыз келіп түсуде. Ұжым олардың ішінен таңдалған біреуіне барып, тосын сый жасайды. Ал, баратын тойды таңдау ән шашу жасайтын өнерпаздың еншісінде.

— Құрметті КТК арнасының ұжымы! Жуырда ауылымыздың үлкен апасы Мәрия әжейдің 75 жас мерейтойы…

Бұл жолы таңдау Бәйтерек ауылындағы зейнеткердің мерейтойына түсті. Осылайша, «Ат-шапанның» ұжымы әнші Айқынмен бірге тосын сый жасауға аттанды. Шақыртусыз келген қонақтарды 75 жасқа толған әжей де, тойшыл қауым да қуана қарсы алды.

— Қолды көтереміз. Шапалақтаймыз. Апамыз бақытты болсын.

Әдеттегідей, танымал өнерпаз туған күн иесін құттықтап, ән сыйлады. Жиналған жұрт ән мен биге ерік беріп, той одан әрі қыза түсті. Жас пен кәрі «Ат-шапанның» камерасына түсіп қалуға асықты. Сүйікті әншілерімен де суретке түсу үшін кезекке тұрғандар көп. Тойдың сәнін келтірген құдайы қонақтардың келгеніне Мәрия әжейдің өзі де балаша қуанды.

Мәрия Халықова, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

-Шалқамнан түсе жаздадым. Күткеніміз жоқ. Сюрприз бұл, үлкен сюрприз.

Ұжыммен бірге тойға барып, тегін ән салатын әншілердің де алған әсері ерекше. Мәселен, Айқын бұл тойдан өнерге деген шабыт алғанын айтады.

Айқын Төлепберген, әнші:

— Халықтың көңілінен шығу, халықты қуанту ол да әр әншінің бақыты. Осындай кештер әншіге де шабыт береді. Себебі, халықтың ықыласын көресің.

Тележобаны жасаушылар ауыл-аймақты аралап, өз көрермендеріне ат-шапан жабудан жалықпайды. «Біздің концерттің» әр саны қызыққа толы. Тойға жиналған жұрттың тосын сыйдан алған әсерін әр сенбі сайын көре аласыздар. Бағдарлама сағат 18:15-те көрсетіледі.