Жарияланды: 80

Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Аннаның дәріханаға барғаны видеобақылау камерасына түсіп қалған.

Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртова үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Аннаның жоғалғаны туралы ақпаратты оның күйеуі мен қызы әлеуметтік желілерде жариялады. Айтуларынша, 2 шілде күні продюсер үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл кешкі сағат тоғыздың шамасында болған, содан бері оны ешкім көрмеген. Аннаның дәріханаға барғаны видеобақылау камерасына түсіп қалған. Оның қайда екені туралы басқа мәлімет түскен жоқ.      

Анна Чакиртова 1976 жылы туған. Үйден қара көйлек киіп шыққан. Көзілдірік тағады. Шашы ұзын, сарғылт. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін