Алматыда транзиттік көліктің қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда транзиттік көліктің қозғалысы шектеледі

Алматыда транзиттік көліктің қозғалысы шектеледі

Алматы. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда солтүстік, батыс және солтүстік-шығыс бағытта "Үшқоңыр" автобекетіне дейін, шығыс бағытта "Саяхат" автобекетіне дейін транзиттік көліктің қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2008
  • 538
Фото - Caravan.kz

Алматы магистральдері мен жолдарында көлік тасқынының көптігі, соның салдарынан кептелістердің жиі болады.

«2008 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласында жол қозғалысы қауіпсіздгін арттыру және атмосфералық ауа бассейнін сауықтыру мақсатында қалааралық, облысаралық, халықаралық транзитті автомобиль көлігінің қозғалысын реттеу үшін қаулы қабылданған болатын. Солтүстік, батыс бағыттардан «Үш қоңыр» автобекетіне дейін және солтүстік -шығыс, шығыс бағыттардан «Саяхат» автобекетіне дейін келетін көлік қозғалысы шектелетін болып шешілді. Бұл жерде әңгіме Алматы қаласына тікелей жолаушы тасымалдамайтын транзитті көлік жөнінде болып отыр», делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар