Қала басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес,
А.Есімов бұл туралы өткен жұма күні С.Нұрмағамбетовтың 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлімдеді. Мұнымен қоса, әкім 28 панфиловшылар саябағында генералға ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасады.
Конференцияда С.Нұрмағамбетовтың өмірі мен әскери жетістіктері туралы кітаптың тусауы кесілді.
2013 жылы 23 қыркүйекте 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
С.Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда туған. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Түркіменстанға Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберілді. Оқуды аяқтағаннан соң 1943 жылғы сәуірден бастап Ұлы Отан соғысы майданында болды. Краснодар өлкесі, Украина, Молдавия, Батыс Белоруссия, Польшаны азат етуге қатысты. 1945 жылы 27 ақпанда әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін Совет Одағының батыры атағы берілді. Соғысты Берлинде аяқтады. С.Нұрмағамбетовтың батальоны Гитлердің рейхскеңсесін басап алуға қатысты.
1989 жылы округті таратқаннан кейін Қазақ республикалық соғыс, еңбек ардагерлері кеңесінің және Қарулы күштердің төрағасы болды және мұнымен қатар Қазақ КСРО Қарулы күштер ардагерлері мен мүгедектер ісі жөніндегі Жоғарғы Кеңес Комитетінің төрағасы болды.
1991 жылы қазан айында Қазақстан президентінің жарлығымен қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасы, ал 1992 жылы мамырда қорғаныс министрі болып тағайындалды.
1994 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен оған N1 «Алтын Жұлдыз» табыс етіліп, Халық Қахарманы атағы берілді.
1995 жылы қарашада армия генералы атағымен отставкаға шықты.
Өмірінің соңына дейін президент кеңесшісі болды.
1999 жылы Астанадағы мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған «Жас ұлан» республикалық мектебіне генерал С.Нұрмағамбетовтың есімі берілді.
С.Нұрмағамбетов тұрған үйдің қабырғасына былтыр ескерткіш тақта орнатылды.