Алматыда тұрғын үй құрылысын салу мәселесін В.Храпунов саяси маңызды мәселе деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғын үй құрылысын салу мәселесін В.Храпунов саяси маңызды мәселе деп санайды

Алматыда тұрғын үй құрылысын салу мәселесін В.Храпунов саяси маңызды мәселе деп санайды

Алматыда тұрғын үй құрылысын салу мәселесін В.Храпунов саяси маңызды мәселе деп санайды. Бүгін, 7-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында В.Храпунов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 553
Фото - Caravan.kz

Қала әкімінің айтуынша, тұрғын үй құрылысын салу тақырыбына бүгінгі Елбасымен кездесуде баса назар аударылған. 2005-2007-жылдар аралығында Алматыда 2 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынуы тиіс, деді әкім.

«Бұл міндет қаржы көздерін іздестіруге мейлінше күш салып, Алматы қаласында бар бүкіл қорды сарқа жұмсауды талап етеді»,- деді В.Храпунов.
Алматы қаласының әкімі тұрғын үй құны мен оны сатып алуға қатысты жаңалықтарға да тоқталып өтті. В.Храпунов мемлекет басшысының жолдауына сәйкес «тұрғын үйдің әрбір шаршы метрінің құны 350 доллардан артпауы тиіс» екенін, соған сәйкес ипотекалық несие беру және тұрғын үй құрылысына арнап ақша жинақтау шарттары да өзгеретінін атап өтті. Алматы қаласының әкімі «мұндай жұмыс күні бүгінге дейін ТМД аясындағы бірде-бір елде қолға алынбағанын» айтты. «Мемлекет басшысы алға қойған бұл міндет тұрғын үй құрылысын салуға бағытталған қарапайым шаруашылық міндеттері аясынан шығып, саяси мақсатқа айналды. Бұл талапты біз міндетті түрде орындап, Алматылықтардың игілігі үшін тұрғын үй құрылысын салуға қолайлы жағдайлар жасауға тиіспіз»,- деді В.Храпунов.

Соңғы жаңалықтар