Алматыда тұрғындар сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғындар сусыз қалды

Алматыда тұрғындар сусыз қалды

Алматыда тұтас бір ықшамаудан жылы судан қағылды. Себебі, жұрттың ай сайын төлеген ақысы «Алматы жылу жүйесі» мекемесіне түспепті.

  • 10 Шiлде 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Жылы судан ажыратылған «Ақкент» ықшамауданы. Мұнда көпқабатты 42 үй бар. Жұрт коммуналдық ақыны уақытылы төлеп тұрған. Тек сол екі ортадағы делдал компания ақшаны «Алматы жылу жүйесіне» жеткізбесе керек. Қазір берешек 180 миллион теңгеден асқан. Сол себепті 7 мың тұрғыны бар аудан түгелдей жылы сусыз қалып отыр. Бұл сомма түгелімен өтелмейінше, екі ортада жем болған жұртқа жылы су берілмейді. Ал «Алматы жылу жүйесі» мекемесі қазір сол делдал комапниямен соттасып жатыр. 


Марина Хохлова, «Алматы жылу жүйесі» мекемесі директорының орынбасары:

-Бұл жерде 7 мың тұрғын бар. Олардың жылы суға деп жинаған ақшасын «Айт Хоузинг» компаниясы бізге бермесе, жылудан қағылатын азаматтардың саны арта түседі. Тіпті, қыста да жылусыз қалуы мүмкін.