Алматыда үйлері өртеніп кеткен 20 отбасы далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

 Алматыда үйлері өртеніп кеткен 20 отбасы далада қалды

Алматыда үйлері өртеніп кеткен 20 отбасы далада қалды

Алматыда түн ортасында бүтін бір үйдің тұрғындары тірідей өртеніп кете жаздады. Шырт ұйқыда жатқан жұрт жалынның өткір иісінен оянған. Табан асты тұтанған оттан құтылу үшін ұйқылы ояу адамдар, тіпті, терезеден секіруге мәжбүр болыпты. Құжаттарын да алып үлгермеген 20 шақты отбасы қазір шиеттей бала-шағасымен көшеде қаңғырып жүр. Олар алапат өрттен дер кезінде құтылғанымен, енді қайда барарын білмей дал.      

  • 16 Тамыз 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz

 Шырт ұйқыдағы жұрт үй өртеніп жатқанда оянды. Бала-шағасын қолтықтай сала, бәрі бірдей көшеге көйлекшең қаша жөнелген.  

— Өрт сөндірушілер кеш келді. Суы да жоқ. Солардың кесірінен үй жанып кеттіі.  2 сағат болды әлі өшіре алмай жатыр.

Екі қабатты үйдің шатыры ендігі жоқ. Жоғарыдағы пәтерлердің іші де түгел жанған. Терезе, есіктері ажырап, қаңқалары бірінен соң бірі түсіп жатыр. Алапат өрт тек таңға жуық аздап басылған.            

Фарида Жарболова, зардап шегуші:

— Білмейміз оны өрттің қалай болғанын, неден басталғанын, неден қойғанын? Шырт ұйқыда жатқанбыз. Айғайлаған дауыстар естідік. Әйтеуір көршілер бір бірін құтқарып, шыққаннан кейін түгендедік. ойбай барсыңдар ма деп, Ештеңеміз де қалған жоқ.

Фарида түннен бері қарай есеңгіреп отыр. Көз алдында өртеніп кеткен үйіне қарап сенерін не сенбесін білмейді. Қалған 20 шақты отбасы да дәл осындай күйде. Ересектер түгілі, балалар да енді қайтерін білмей дал. Мектепке деп сатып алған су жаңа қаламсаптары да, киімдері де түгел осы түні өртеніп кетіпті.    


 Жанна Ямұхамедова, зардап шегуші:

— Сабаққа қалай баратынымды білмеймін. Музыкалық колледжге баруым керек еді.  

— Өрт әлі де сөндіріліп жатыр, ендігі бұл үй тұруға жарамсыз. Терезе, есіктері барлығы түгі қалмиай жанып кеткен. Бәрақ күнде үйінен айырылған тұрғындар қазір енді қайда барарларын білмей дал. Олар шиеттей балаларымен осы түнді де жанған үйлерінің жанында өткізбек.

 

Енді өртке кінәлілер табылмайынша өтемақы берілмейді. Ал шенеуніктер жұртқа қонақ үйге баруды үгіттеді. Тек ол 2 күндік көмек қана. Тірідей өртеніп кете жаздағандар енді өз беттерімен тіршілік етуі тиіс.          

– Мүлдем ешқандай жауап бермейсіз ба?

– Жоқ, жоқ!