Жарияланды: 420

Алматыда үлкен дау тудырған электронды төлем жүйесі тоқтатылуы мүмкін

Алматыда қоғамдық көлікте жолақыны қолма-қол төлеу желтоқсан айынан бастап тоқтатылуы мүмкін.

Бұның алдында қала билігінің жолақыны қолма-қол төлеуді жаңа жылдан бастап толық тоқтатамыз деп шешкен. Бұл жолаушылар көлігіне жаңадан орнатылған «Оңай» төлем жүйесіне байланысты қабылданған шешім болатын. Жаңа жүйе қала қазынасын толтыра алмай жатқан болуы керек, шенеуніктер қолма-қол төлемді енді бірінші желтоқсаннан бастап доғартуды көздеп отырғанын жеткізді. Бірақ бұл тұрғыда нақты шешім қабылданбапты. Басшылар алдымен, «Оңай» төлем жүйесі карталарын қолданушылар санын сараптап, сонымен бірге, жұртшылықтың да көзқарасын біліп алмақшы. 

Рифат Абдураманов, «Алматы көлік холдингі» ЖШС өкілі:

-Тіпті қолма-қол төлемді бірінші желтоқсаннан бастап тоқтатсақ та, оған ешкімнің наразылығы туа қоймас деймін. Дегенмен,әлі ресми шешім қабылданған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін