деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
"Келешекте қоғамдық орындарға қосымша тағы 1 мың бейнекамера орнатылмақ, сөйтіп оның санын Универсиада–2017 дайындау барысында 3700 жеткізу көзделген", деді Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның сөздері сейсенбіде таралған хабарламада келтірілген.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Алматыда "Қауіпсіз аула" жобасы шеңберінде 5,6 мыңнан аса бейнекамера орнатылған.
"Қауіпсіз аула" жобасы қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы болып табылады. Жобада аулалар мен тұрғын үйлердің подъездерін бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету көзделген.