Жарияланды: 460

Алматыда вагондардың шойын жолдан шығып кетуі салдарынан екі тонна жанармай төгілді

Алматыда Қарасу станциясына кіре беріс жол тұйығында отарбаның маневрлік шаралары барысында жанармай тиелген үш цистерна шойын жолдан шығып кетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агентігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып . Соның салдарынан екі вагон құлап, олардың біреуінің қақпағы бүлініп, қабырғасы жарылу салдарынан екі тонна жанармай жерге ағып кетті.

Агенттік ақпаратына жүгінсек, оқиға салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында апаттық құтқару жұмыстары жүргізіліп, себеп-салдары айқындалуда. Апаттың зардабын жоюға өртке қарсы күрес қызметінің 44 адамы мен 17 техникасы, қалалық ІІББ құрамының 70 адамы, 60 темір жолшы, 1 өрт сөндіруші поезд пен 1 жөндеу-қалпына келтіру мақсатындағы отарба жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін