Жарияланды: 40

Алматыда вакцина салдырғандар гаджет, велосипед, тұрмыстық техника ұтып алды

Алматыда вакцина салдырғандар гаджет, велосипед, тұрмыстық техника ұтып алды

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындар арасында гаджеттер, тұрмыстық техника мен тау велосипед ойнатылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа  сілтеме жасап хабарлайды. 

Жетісу ауданында вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар әлеуметтік желі арқылы өткен тікелей эфирде анықталды.

Аудан әкімдігі мұндай лотерея вакцинаға деген қызығушылықты арттыратынына сенімді.

«Лотереяға қатысу үшін 2021 жылдың 29 мамырынан 4 маусымына дейін Жетісу ауданының екпе орталықтарына вакцинаның бірінші компонентін салдыру керек болды. Жеңімпаздар 5 маусымда анықталды», - деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Ұтыс ойынының нәтижиесі бойынша 20 адам бағалы сыйлыққа ие болды. Атап айтар болсақ, Samsung S21 мен Samsung A32 телефондары, тау велосипеді, тоңазытқыш.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін