Жарияланды: 20

Алматыда вакцинация паспортын сатқандардың бірі ұсталды

Алматыда вакцинация паспортын сатқандардың бірі ұсталды

Электронды вакцинация төлқұжаттарын сатқан күдіктілердің бірі ұсталды, деп хабарлады Stan.kzақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Құжатты сатып алу үшін журналист өзін менеджермін деп таныстырған Ажар есімді белгісіз әйелге 15 мың теңге ақша аударады. Артынша төлқұжат жібереді.

"20 минуттан кейін бақылаушыдан вакцинаның алғашқы дозасы алынғанын растайтын құжат келді. Полиция жалған құжат жасаушыны ұстады", - делінген хабарламада.

Полиция күдіктіні ұстап, қалалық полиция департаментіне жеткізді. Белгілі болғандай, келіншек екі жылдан бері декреттік демалыста отырған қалалық емханалардың бірінің медбикесі болып шықты.

Күдіктінің телефонынан әртүрлі азаматтардың жеке куәліктеріның суреті табылды. Дегенмен әйел оның барлығына қызмет көрсететкенін жоққа шығарды.

Оның айтуынша, ол алынған ақшаны және жеке куәліктерді базаға вакцинация туралы ақпаратты енгізген дәрігер Индираға берген.

Полицейлер Индира есімді дәрігер 21-емханада жұмыс істейтінін анықтады. Бірақ дәрігер жұмыс орнынан табылмады. Емхана басшылығы жағдайды естіген бойда дәрігерді жұмысынан шеттетті. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

"Аталмыш дерек сот алды біріңға тізілімде Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды жасау, дайындау және сату" дерегі бойынша тіркеліп, анықтау басқармасы тергеуді жүзеге асыруда. Осы іске қатысы бар тұлғалардың іс әрекетіне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады", - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Жалған құжаттар жасағаны үшін айыпталушылар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда вакцинациядан өткені туралы электронды паспорттан сатылып жатқаны туралы айтқан болатынбыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін