Алматыда вакцинациялаудың 203 пункті жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда вакцинациялаудың 203 пункті жұмыс істейді

Алматыда вакцинациялаудың 203 пункті жұмыс істейді

Мәліметке мәйкес, Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 5 335 адам вакцинация алды, деп жазды Baq.kz.

1-16 сәуірде қала бойынша барлығы 131 434 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бри?

  • 18 Сәуiр 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

1-16 сәуірде қала бойынша барлығы 131 434 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкері жұмылдырылды.

13 сәуір күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және 15 сәуір күні Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті өз жұмысын бастады, — делінген хабарламада.

17 сәуір күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 677 жаңа жағдайы тіркелді, оның 577-і симптомдық белгісі бар және 120 симптомсыз.

Бір тәулік ішінде – 392 науқас қабылданды, барлық стационардан 198 науқас шығарылды.

Барлық инфекциялық стационарда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 868 адам (101 бала) орналасқан, оның ішінде ересектер аса ауыр – 883, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 983.


Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы – 258 (бос төсек-орын саны – 192).

6 328 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 522 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 806 симптомсыз.