Алматыда заңсыз ағаш кескен компаниялар тізімі әкімдіктің сайтында жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда заңсыз ағаш кескен компаниялар тізімі әкімдіктің сайтында жарияланады

Алматыда заңсыз ағаш кескен компаниялар тізімі әкімдіктің сайтында жарияланады

Ағаштарды заңсыз кескен мекемелердің атауы Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының сайтында жарияланады. 

  • 6 Мамыр 2021
  • 1024
Фото - Caravan.kz

Бұлтуралы аталған басқарма басышысы Наталья Ливинская мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, қазір сайтқа орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жақында ағаштарды заңсыз кескен ұйымдардың тізімі сайтта жарияланады. Біз сондай-ақ сарапшылармен сөйлесіп, орын әзірледік, жариялауға дайынбыз «, — деді Наталья Ливинская.

Еске сала кетсек, өткен жылы 23 қараша түнде Алматыда сауда үйінің жанындағы жайқалған емен мен қарағаш оталды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде наразылық білдірді .

Кейін Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы сауда үйінің алдындағы ағаштардың жаппай кесілуінің мән-жайын анықтады .


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталуына назар аударды.

Мемлекет басшысы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды .

24 қараша күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәселені өз бақылауына алғанын мәлім етті.

Бүгінде іс сотқа жіберілген.