Алматыда зергерлік бұйымдарды шығаратын және өңдейтін астыртын цех табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда зергерлік бұйымдарды шығаратын және өңдейтін астыртын цех табылды

Алматыда зергерлік бұйымдарды шығаратын және өңдейтін астыртын цех табылды

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда зергерлік бұйымдарды шығаратын және өңдейтін астыртын цех табылды, деп хабарлайды агенттік Алматы ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 624
Фото - Caravan.kz

Алматы ІІД полициясының криминалды басқармасы қызметкерлеріне Әуезов көшесінің бойында заңсыз зергерлік бұйымдар жасалатындығы жөнінде ақпарат келіп түсті.

«Шұғыл іздестіру жұмыстарын өткізу кезінде бұл цех табылды. Ғимараттың иесі кіреберіс есігін тұмшалап тастаған, оның ішінде зергерлік бұйымдар жасалатындығы жөнінде ой ешкімге келмес еді. Цехқа тек өздерінің «тексерілген» адамдары ғана кіре алады екен «, — деп хабарлады қалалық ІІД КПБ бөлім бастығы полиция капитаны Александр Нежинский.

Оның сөздері бойынша, шұғыл уәкілдер алтын алқаларды, сырғаларды, білезіктерді және қымбат алтын пластинасын тәркіледі.

Ғимараттың ішінде зергерлік бұйымдарды балқытып шығаруға арналған барлық құралдар, алтын тазалайтын химикаттар, асыл тастар табылды.

«Өткізілген шаралар кезінде астыртын цех иесінің мұндай қызмет түрімен айналысуға рұқсат беретін тиісті құжаттарының жоқ екендігі анықталды.

Шығарылған зергерлік бұйымдардың бірінде де арнайы таңбасы болмай шықты. 31 жастағы алматылық заңды өрескел бұзып отырғандығын білгендіктен, заңсыз цехтың орнын жиі ауыстырып отырған «, — деп хабарлады Александр Нежинский.

Бүгінгі кезде тәркіленген барлық алтын бұйымдар мен тастар сот сараптамасына жіберілді. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан цех иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешіліп жатыр. Жиналған барлық іс материалдары Алматының қаржы полициясына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті