Алматыда жалға берілген 6 балабақша мемлекеттік меншікке қайтарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалға берілген 6 балабақша мемлекеттік меншікке қайтарылады

Алматыда жалға берілген 6 балабақша мемлекеттік меншікке қайтарылады

Алматы 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жалға берілген 6 балабақша мемлекеттік меншікке қайтарылады. Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында білім департаментінің бас маманы Людмила Сейілова хабарлады.

  • 24 Маусым 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«»Престиж» мектебі 58-ші, «Джаз Бенд» музыкалық мектебі 39-шы, Айнабұлақтағы «Сұлтан» спортклубы 104-ші, «Нұрмай» ЖШС 43-ші, қазір студия орналасқан 75-ші, «Байланыс» емханасы иемденіп отырған 110-шы балабақшалар мемлекетке қайтарылады», — деді Л. Сейілова.

Ғимараттар қайтылған соң балаларға жаңа 300 орын пайда болады. Қазір Алматыдағы балабақшалардағы орын кезегінде 10,5 мың адам тұр. Бірақ білім департаментіндегілердің айтуынша, «биыл 8 мың бала бірінші сыныпқа барғандықтан, олардан босаған орындарға шақырылуда, күзде топтарды жасақтау аяқталған кезде кезек қысқарады», — деп сендірді Л. Сейілова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті