Алматыда жалға пәтер беретіндер бағаны көтеріп, клиент үшін төбелесуде - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалға пәтер беретіндер бағаны  көтеріп, клиент үшін  төбелесуде

Алматыда жалға пәтер беретіндер бағаны көтеріп, клиент үшін төбелесуде

Алматыда жалдамалы пәтерлердің бағасы қымбаттады. Небәрі бірнеше күн бұрын ғана 1 бөлмеліні айына 60 мың теңгеге жалдап тұруға болса, қазір әбден ескіріп, тозығы жеткен үйлердің өзі 100 мың теңгеге дейін өскен. Басында баспанасы жоқтардың бас қайғысы тек бұл емес. Өйткені жалға пәтер тауып беруші риэлторлар да қызмет құнын күрт өсіріп жіберіпті. Олар кісі босағасын көрсеткен ақысы үшін ғана 20 мың теңге талап етеді.             

  • 27 Тамыз 2014
  • 551
Фото - Caravan.kz

Жазира 4 жылдан бері жалдамалы пәтерлерде тұрып жүр. Қасында өзі секілді 5 серігі бар. Екеуі кереуетте, екеуі жерде, қалған екеуі әбден тозығы шыққан төсекте ұйықтайды.

Жәзира Есенбаева:  

-Бәрінің тұратын жерлері жоқ. Амалдың жоқтығынан 4-5 қыз жиналып екі бөлмелі үйде тұруға тура келеді. 5 қыз жиналып тұрғанның өзінде айына коммуналдық ақымен санаған кезде 24-25 мыңдай шығады. Қазір пәтер қымбаттап кетті. «Жетім бұрышқа» барып өткенде қарадық, 70 мың көлемінде үй  жоқ

«Жетім» аталып кеткен бұрышта жұрт базардағыдан да көп. Бәрінің іздегені – 50-60 мың теңгенің арзан пәтері. Тек тауып қарық болып жатқан бірі де жоқ. Ең арзаны – сусыз, жылусыз, не болмаса жарығы жоқ үйлер.

— Пәтер иелері әбден құтырған. Ақшаға құныққан. Ұяттары жоқ.

— Неге қымбаттады дейсің бе?

-Жаным-ау, қазір студенттер келіп жатыр ғой. Осы елде жалғыз пәтер ма, қымбаттап жатқан?

Бір бөлмелі пәтердің бір айлық ақысы 80 мың теңгеге жеткен. Ал екі бөлмелісі ең кемі 600 доллар. Орталыққа жақындары одан да қымбаттап кеткен. Ал делдалдар орынға таласуда.   

– Е, бұл менің орным.

— Тұр былай!

 – Сіздің сатып алған орныңыз ба?

— Тиіспе деймін үстелге!

— Жоғалып кет.

Делдалдардың да «бағасы» өскен. Уақытша тұрғын үй тапқаны үшін енді олар бұрынғыдай 10 мың емес, бақандай 20 мың теңге алады. Сауданың қызғаны сонша ақша төлесең болғаны, тіпті үй иелері өз төрін ұсынуға дейін бар. Тек төлемақымен қоса, түрің де әдемі болуы керек.

— Жаңа екі қыз келді. Ұнамады. Сондықтан сыпайы түрде қоштастым.

-Қожайынмен бірге тұратын болсаңыз, әрине бөлме анағұрлым арзандау түседі. Айына 30 мың теңге төлесеңіз болғаны. Тек қосымша тағы үй қызметшісі міндетін де атқаруға тура келеді. Және пәтер кілтін ұстаймын деп ойламаңыз.