Алматыда жалған БҰҰ нөмірі бар джип ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалған БҰҰ нөмірі бар джип ұсталды

Алматыда жалған БҰҰ нөмірі бар джип ұсталды

Көліктің иесіне 68 мың теңге айыппұл салынды

  • 17 Қараша 2017
  • 248
Фото - Caravan.kz

 Алматы полицейлері жалған БҰҰ нөмірі бар джипті айыппұл тұрағына әкелді, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауымен жергілікті полиция қызметі тұрғын үй кешенінің тұрағынан БҰҰ нөмірі бар Toyota Land Cruiser тапты, көлікке стробоскоп пен дыбыс қондырғысы орнатылыпты.

Жалған БҰҰ нөмірі бар джип

"Деректер базасын тексеру барысында көліктің жеке тұлға, Алматы қаласының 1973 жылы туған тұрғыны А. есімді азаматқа тиесілі екені анықталды", — деп мәлімет берді Алматы қаласы ІІД ЖПҚ басшысы Жасұлан Байкенов.


Оған қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 30 АЕК айыппұл салынды.

Көлік полиция айыппұл тұрағында тұр.

 

Соңғы жаңалықтар