Алматыда Жамбылдық есірткі саудагерінен 73 килограмм марихуана тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Жамбылдық есірткі саудагерінен 73 килограмм марихуана тәркіленді

Алматыда Жамбылдық есірткі саудагерінен 73 килограмм марихуана тәркіленді

Алматы қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Жамбылдық бір тұрғынды есірткі сатпақ болып жүрген жерінен қолға түсірді. 38 жастағы Жамбылдық тұрғынның Алматыда уақытша тұрып жатқан пәтеріндегі тінту кезінде 73 кг марихуана табылған. Бұл туралы Алматы ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 18 Тамыз 2003
  • 357
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, тұтқын бұған дейін де үш мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған көрінеді.

Қазір тұтқынның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 259 бабы бойынша аса көп мөлшерде есірткі затын сатуға әркеттенгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар