1 қыркүйектен бастап Алатау ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алатау ауданы тұрғындарының қала әкімімен кездесуінде айтылған өтініші бойынша 1 қыркүйектен бастап №142 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Ол "Энергостроитель" бау-бақ серіктестігінен Ф.Оңғарсынова көшесі бойымен Рысқұлов даңғылы — Момышұлы көшесі — Абай даңғылы — Саин көшесі — Шаляпин көшесі — Момышұлы көшесі бойымен жүретін болады. Кері бағытта Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін — Оңғарсынова көшесімен "Энергостроитель" бау-бақша серіктестігіне дейін жүреді", — делінген хабарламада.