Алматыда жаңа кітаптардың тұсауы кесіліп, әдеби «Оскар» табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа кітаптардың тұсауы кесіліп, әдеби «Оскар» табыс етілді

Алматыда жаңа кітаптардың тұсауы кесіліп, әдеби «Оскар» табыс етілді

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады

23 сәуірде Алматы қаласындағы «МЕЛОМАН «GRAND» сауда желісінде «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында әдеби кездесу өтті. Шара барысында «Алтын қалам 2018» байқауында «Жылдың үздік романы» атанып, Есенқұл Маманов атындағы бас жүлдені жеңіп алған Айдын Кәлімханның «Қашқын» роман-биографиясы мен талантты қаламгер Есболат Айдабосынның «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша оза шапқан «Ит тірлік» әңгімесі енген «ҚАШҚЫН» атты кітабы таныстырылды. «Алтын қалам» жүлдесіне қатысқан дарынды авторлардың таңдаулы әңгімелерінен құрастырылған «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ САТИРАСЫ» атты жаңа жинақ ұсынылды. Сонымен қатар, «Алтын қалам 2017» бәйгесінде топжарған «Алашорда» және «Өмірдің өзі» кітаптарының тұсауы кесіледі.

Бұдан бөлек биыл екінші рет Әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етіледі. Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді. Жеңімпаздар «Алтын қалам» байқауы мен Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 61 сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сарапшылар сондай-ақ, қазіргі таңда сұранысқа ие әдеби жанрларды, үздік авторлар мен үздік кітаптарды атап өтті.

Сауалнама нәтижесінде келесі азаматтар жеңімпаз атанды:

  1. Жылдың үздік баспасы — Meloman Publishing
  2. Жылдың әдеби дебюті — Орал Арукенова "Правила нефтянки"
  3. Кiтап like (оқырмандар таңдауы)Аскар Нурша "Путинская Россия: геополитический реванш или агрессивная оборона?"
  4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітапГульнар Бажкенова "Только не говорите, это слишком"
  5. Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін)Олжас Құдайбергенов
Соңғы жаңалықтар