Алматыда жаңа жолайрық салынады – Ерболат Досаев - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа жолайрық салынады – Ерболат Досаев

Алматыда жаңа жолайрық салынады – Ерболат Досаев

Алматыдағы Саин көшесін ұзарту жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.

  • 27 Сәуiр 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімінің айтуынша, 2024 жылдың II тоқсанында Саин және Мөңке би көшелерінің қиылысында жаңа жолайрық салу көзделген.

«Соның нәтижесінде қаланың негізгі магистралды көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшелерінде, сонымен қатар, аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды», — деді Ерболат Досаев.

Бұдан бөлек, Алатау ауданындағы 60 көше жөнделеді. Бұл жұмыстарға 250 млн теңге бөлінді.


Жұмыс қараша айында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар